Аймақтар
2 мин оқу 30

Жылыжай ісін ілгерілететін бастама

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Жақында ауданның 15 тұрғыны &laquo;Batys AgroHub&raquo; жобасының қатысушысы атанды.</p>

Жылыжай ісін ілгерілететін бастама

Бөрлі ауданында тағы 15 тұрғын жылыжай салуға грант ұтып алып, «Batys AgroHub» жобасының екінші легіне қосылды. Жеңімпаздардың басым бөлігі – Ақсай мен Пуга­чёво ауылдарының тұрғындары, сондай-ақ Қызылтал, Аралтал, Ақсу және Бөрлі елді мекенде­рінен де бар.

«Batys AgroHub» жобасы 2024 жылғы қарашада Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В кон­сор­циумының акционерлері – «Шелл Қазақстан» мен «Эни» компанияларының қолдауымен басталған еді. Жобаны Орта­лық Азияның Еуразия қоры мен Алматы облысындағы Еңбекші­қазақ аудандық қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бұл жобаның мақсаты – Бөрлі ауданы тұрғындарына жылыжай шаруашылығын дамытуға көмектесу, отбасылардың табысын арттыру және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту.

Жобаға қатысушыларға тә­жі­­­рибелі агрономдар мен ке­ңес­­­шілер көмек көрсетеді. Олар жылыжай ісін жүргізу, өнім­­ді сату және маркетинг мәсе­лесін үйретіп қана қой­май, бизнес-жоспар құруға көмек­теседі. Басқа өңірлерге ісса-пар ұйымдастырып, тәжірибе алмас­тырады. Биыл көктемде бөрлілік алғашқы он тұрғын өз жылыжайын салып, «Батыс Агроөнiм» брендімен көкөніс сата бастады. Өткен жазда олар Алматы облысына барып, әріптес­терінен жаңа тәжірибе алды.

«Batys AgroHub» жоба­сы­ның екінші легіне қызығу­шылық жоғары болды. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, 100-ден астам адамнан өтініш түскен. Байқау қорытындысында екі күндік интенсив тәжірибе мен сарапшылардың онлайн-оқуынан өткен 15 қатысушы ірік­телді. Қазылар алқасы биылғы дайындық деңгейі өте жоғары деп отыр. Жобаға қатысуға ниет білдірген үміткерлердің біразы жылыжай ісінде қандай да бір тәжірибеден өткен екен. Ал бұл – табыс кепілі болары анық.

Бүгінде осы жобаның арқа­­сында өңірде жылыжай ісімен ай­на­­лысатын жандар жыл са­йын кө­бейіп келеді. Бұл Бөрлі ауданы тұр­ғындарына мол өнім алып, туған жерде өз әлеуетін жү­зеге асыруға жаңа мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Жылыжай ісін ілгерілететін бастама · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар