Астанада базар өртке оранды
<p style="text-align: justify;"><strong>Астананың Сарыарқа ауданындағы көтерме-бөлшек сауда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігінің <a href="https://web.telegram.org/k/#@qr_tjm">баспасөз</a> қызметіне сілтеме жасап. </strong></p>

Өрт Ы.Дүкенұлы көшесіндегі бір қабатты ғимаратты шарпыған. Оқиға орнында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, жедел штаб құрылды.
«Өрт сөндірушілер келген кезде от толық лаулап тұрды, сондай-ақ ғимарат құрылысының ерекшеліктеріне, жоғары өрт жүктемесіне және қатты түтінге байланысты күрделенді», деді ТЖМ өкілдері.
Құтқарушылар ғимарат ішінде адамдардың бар-жоғын тексерді. Өрт кезінде тұтынушылар болмаған. Өрт сөндірушілер жалынның таралу қаупін жойды.
ТЖМ сағат 8:26-да өрттің оқшауланғанын хабарлады.
«Өрт сөндірушілер жасырын жану ошақтарын анықтау үшін бутиктердің артындағы үй-жайларды тексеріп жатыр», делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 95 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды.
Жаңартылған деректерге сәйкес, өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ.