Футбол
1 мин оқу 30

Темірлан Анарбеков тағы да үздіктер қатарына енді

<p style="text-align: justify;"><strong>Өткен түні Чемпиондар лигасының төртінші туры аясында 9 ойын өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Темірлан Анарбеков тағы да үздіктер қатарына енді

Әзербайжандық «Карабах» Бакуде азулы «Челсимен» тең ойнап, жалпы ұпай санын жетіге жеткізді. «Манчестер Сити» Дортмундтың «Боруссиясын» 4:1 есебімен тізе бүктірсе, «Интер» өз алаңында алматылық «Қайратты» 2:1 минималды есебімен жеңді. Бұдан бөлек «Барселона» «Брюггемен» 3:3 есебімен тең ойын өрнегін көрсетті. Чемпиондар лигасы өткен турдың тартысты ойындарын осылайша атап өтіп, ойын барысында қауіпті сейв жасап, қақпасын голдан қорғап қалған үздік қақпашылардың тізімін жариялады. 

Үздіктер тізімінен «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков кезекті рет табылды. 

Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» арасындағы ойында да Анарбековтің  сейвтері ТОП үштіктің қатарынан табылып еді. 

Бөлісу:
Темірлан Анарбеков тағы да үздіктер қатарына енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар