Мәдениет
1 мин оқу 40

Рекорд: Биыл ел кітапханаларына қанша оқырман келген?

<p style="text-align: justify;"><strong>Кітап оқуға қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Биыл ел кітапханаларына келушілер санының рекордтық көрсеткіші тіркеліп отыр. Жыл басталғалы 37 миллион оқырман кітапханаға барған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Рекорд: Биыл ел кітапханаларына қанша оқырман келген?

Елімізде 3 883 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді, оларға биыл 5,3 миллионнан астам жаңа оқырман тіркелген.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Ұлттық кітапханаға шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағылар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық. Ал шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген.

Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды. Соңғы айларда қазақ классикасына және ұлттық философиялық әдебиетке қызығушылық айтарлықтай артқан.

Бөлісу: