Теннис
1 мин оқу 430
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
<p style="text-align: justify;"><strong>Елена Рыбакина алғаш рет мансабында WTA маусымның қорытынды турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ол жартылай финалда әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегуланы 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бірінші сетте Елена қарсыласына жол берді, алайда келесі партияларда сенімді ойнады.
Финалда қазақстандық спортшы Арина Соболенкомен кездеседі. Финалдық матч бүгін, 8 қарашада өтеді.
Бұл нәтиже — тек Елена үшін емес, бүкіл қазақстандық теннис тарихы үшін де тарихи жетістік. Бұған дейін Қазақстан атынан шыққан ешбір теннисші жылдың қорытынды турнирінің финалында ойнаған емес.
Бөлісу: