Алматы
1 мин оқу 50

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;"><strong>Алматының орталығында жол талғамайтын көлік қозғалысты реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 қараша күні сағат 15:10 шамасында Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған.

– Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Желтоқсан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылған сәтте жолдың жүріс бөлігінде және қозғалысты қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды, – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Бөлісу:
Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар