Қоғам
1 мин оқу 30

Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

<p style="text-align: justify;"><strong>Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Онлайн ұшу тақтасындағы мәлімет бойынша, кешіктірілген рейстердің қатарында ішкі рейстер де бар. Мысалы, Өскемен, Қызылорда және Атыраудан келетін рейстер кешіккен.

Air Astana компаниясы да бірнеше рейстің кешіктірілгенін хабарлады. Компания Астанадан ұшатын рейстердің ауа райына байланысты кейінге қалдырылып жатқанын атап өтті.

Жолаушыларға әуежайға аттанар алдында әуе компаниясының ресми сайтындағы рейс туралы ақпаратты оқу ұсынылады.

Бөлісу:
Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар