Төтенше жағдай
1 мин оқу 130

Алматыда балалар үйі өртке оранды

<p style="text-align: justify;"><strong>Алматыда балалар үйінің ғимараты өртке оранды,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматыда балалар үйі өртке оранды

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты жанған. Ғимаратта адамдар болмаған. Ал тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

- Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметі келді. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды, - деп хабарлады ТЖД.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешіт ғимаратына орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген. Оларға Апаттар медицинасы орталығы және ТЖД дәрігерлері мен психологтары қажетті көмек пен қолдау көрсетті.

Бөлісу:
Алматыда балалар үйі өртке оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар