Қоғам
1 мин оқу 40
Зейнетақы жинағын ипотека мен несие үшін қолдануға болады
<p style="text-align: justify;"><strong>Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Салық кодексінің редакциясына сәйкес келтіру мақсатында, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістен жеке табыс салығын ұстаудан босатуды көздейді.
Жоба аясында азаматтарға зейнетақы жинақтарын келесі мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ұсынылады:
- Ипотекалық тұрғын үй қарызының негізгі қарызын өтеу;
- Ай сайынғы төлем мөлшерін азайту;
- Несиенің мерзімін қысқарту.
Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтарға зейнетақы жинақтарын тиімді әрі қолайлы түрде пайдаланып, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беру.
Бөлісу: