Жинақ қанша теңгеден басталады?
<p style="text-align: justify;"><strong>Ұлттық банктің қазан айындағы зерттеуінде ел азаматтарының 9,8 пайызы 500 мың мен 1 миллион теңге аралығындағы қаражатты ған жинақ деп санайтынын көрсетті. Ал 7 пайызы үшін 100 мың теңгеге дейінгі ақшаның өзі жинақ саналады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

FusionLab компаниясы жүргізген сауалнамаға 1,5 мың адам қатысқан. «Қандай соманы бүгінде жинақ деп есептеуге болады?» деген сұраққа жауап бергендердің ішінде ең көп бөлігі (9,8%) 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі соманы атаған. Тағы 7,1 пайызы үшін жинақ көлемі 100 мың теңгеден басталады.
Респонденттердің 19,1 пайызы жинақ деп 1 миллион теңгеден асатын соманы санайды. 3,9 пайызы үшін бұл шек – 10 миллион теңгеден жоғары. 0,6 пайыз қазақстандықтар жинақ деп 50–100 миллион теңге аралығындағы соманы атаса, 0,9 пайызы – 100-500 миллион теңге көлемін көрсеткен. Тіпті 0,1 пайызы үшін жинақ көлемі 1 миллиард теңгеден басталады.
Сол сауалнама нәтижесінде елдегі ең көп табыс тобы да анықталды: 34,7 пайыз азамат айына 150 -300 мың теңге табыс табады. 21,9 пайызының айлығы – 300-500 мың теңге аралығында. Ал 10,2 пайыз респонденттің жалақысы 500 мың теңгеден жоғары.