Университет
1 мин оқу 50

Отандық ғылыми жұмыс Кореяда таныстырылды

<p style="text-align: justify;"><strong>Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде отандық ғалымдардың ғылыми жұмысы таныстырылды. Ішкі грант аясында жарық көрген бұл еңбек &ndash; Қазақстандағы корей диаспорасының тарихын жеке тағдырлар мен архивтік деректер негізінде баяндайтын бірегей зерттеу, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Отандық ғылыми жұмыс Кореяда таныстырылды

Монографияны Қарағандыдағы «Buketov University» ұлттық жоғары оқу орнының ғалымдары дайындаған. Осы университет делегациясы жақында «QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2025» халықаралық форумына қатысты. Ауқымды жиын Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім берудің даму үрдістері, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналды. Осы келелі іс-шара аясында ұйымдастырылған «Korea Foundation» алаңында «Қазақстандағы корейлердің тарихи-мәдени мұрасы» атты ғылыми монографияны таныстырды.

Сондай-ақ делегация Сеулдегі Сунгсин әйелдер университетінде (Sungshin Women’s University) ресми кездесу өткізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатта ғылыми зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлықты дамыту, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейту бағыттары қамтылды. Сапар аясында қазақ ғалымдарының еңбектері Ханкен ұлттық университетіне және Сувон университетінің профессоры Пак Хванға табысталды.

Бөлісу:
Отандық ғылыми жұмыс Кореяда таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар