Аймақтар
1 мин оқу 60

«Ұлытау ұланы» сыйлығы табысталды

<p style="text-align: justify;"><strong>Ұлытау облысы әкімінің белсенді жастарға арналған &laquo;Ұлытау ұланы&raquo; сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл &ndash; жастарды қолдау және олардың жетістігін дәріптеу бағытындағы маңызды жоба, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Ұлытау ұланы» сыйлығы табысталды

Марапат облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып, өз еңбегімен өңір дамуына үлес қосқан жастарды ынталандыру мақсатында қолға алынған. Салтанатты жиынға мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің дарынды, белсенді жастары қатысты.

«Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, жастар – ел болашағының айнасы. Сіздердің жетістіктеріңіз өңірдің ғана емес, бүкіл елдің дамуына серпін береді», деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров құттықтау сөзінде.

Байқауға 50-ден астам өтінім қабылданды. Қазылар алқасы сегіз аталым бойынша жеңімпазды анықтады. Атап айтқанда: Нұргүл Ахатқызы «Жас саясаткер», Инабат Мұханбедиярқызы «Жылдың жас көшбасшысы», Гүлім Аймағамбетова «Үздік жас кәсіпкер», Ардақ Жарқынбеков «Үздік жас өнерпаз», Бекжан Қабжанов «Жылдың спорт жұлдызы», Айнара Нұрғазиева «Жас ерікті – қоғам жанашыры», Назерке Сапарбек «Жас медиакөшбасшы», Жігер Еділбаев «Жылдың үздік жас еңбеккері» аталымдарына ие болды.

Жүлдегерлерге диплом, арнайы статуэтка және ақшалай сыйлық табысталды.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
«Ұлытау ұланы» сыйлығы табысталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар