Дәрі-дәрмек бағасы төмендейді
<p style="text-align: justify;"><strong>Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) пен ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) аясында сатып алынатын дәрілердің бағасын төмендетіп жатыр, деп жазды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратовтың айтуына қарағанда, аталған бағыттағы жұмыстар нәтижесінде 4,9 мыңнан аса дәрі түрінің бағасы реттеледі.
Ал Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізілетінін жеткізді.
«Бізде келесі жылы дәрі-дәрмек қымбаттайды деген ақпарат жоқ. Біз дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасына мониторинг жүргіземіз. Қазан айының қорытындысы бойынша орташа есеппен халық жиі қолданатын 50 шақты дәріге жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес, бағаның орташа алғанда 10-11 пайызға төмендегенін байқадық. Бұл үрдіс әрі қарай жалғасады деп үміттенеміз», – деді Бауыржан Жүсіпов.