Оқиға
1 мин оқу 40

Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді

<p style="text-align: justify;"><strong>Аталған облыстың Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем дүниеге келіп, оларға &nbsp;Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді

Бұдан бөлек жас отбасының 5 жасар ұлы, 3 жасар қызы бар.

Шалқар ауданы әкімі Жанболат Жидеханов көпбалалы отбасыны құттықтап, естелік сыйлығын тарту етті.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы – 1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей, 35 см. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген.

«Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Ана мен сәбилердің жағдайы жақсы», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар