Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді
<p style="text-align: justify;"><strong>Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.</strong></p>

Кездесу барысында жуырда Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері табысты өткені айтылды.
Бұған дейін мәдениет күндері аясында еліміздің өнер қайраткерлері Якутия мен Қазанға барып қайтты.
- Биыл мамыр айында Астанада "Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы аллеясы", ал кеше Мәскеуде "Қазақстан-Ресей достығы сквері"ашылды. Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. Мәскеуде Қазақ ақпараттық-мәдени орталығын ашу жоспарланып отыр, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.