Қоғам
2 мин оқу 10

Боччадан ел кубогі сарапқа салынады

<p style="text-align: justify;">Астанада жылдың басты спорттық сайыстарының бірі паралимпиадалық боччадан Қазақстан кубогі үшін жарыс өтіп жатыр. Осыған орай елордадағы &laquo;Аспан&raquo; спорт кешенінде 8 корт жасақталып, алғаш рет алаң саны бо&shy;йынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Еліміздің 15 өңірінен келген параспортшыларға Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді.</p>

Боччадан ел кубогі сарапқа салынады

Мәулен Әшімбаев жарысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, жыл өткен сайын елімізде бочча қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың параспортшыларды қолдау, инклюзивті, кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы тапсырмаларын орындау аясында мүдделі тараптармен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Ел кубогі – сол ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Сондай-ақ федерация өкілдері мен жат­тықтырушылар аталған сайыс Қазақстанда боччаны дамытуға, дәріптеуге, спорттық шеберлік деңгейін арттыруға және ұлт­тық құраманы жасақтауға бағыт­талғанын айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инклюзия мәде­ниетін одан әрі дамыту және мүмкіндігі шектеулі азамат­тардың спорт арқылы да қоғам өміріне толыққанды қатысуы үшін қажетті жағдай жасау маңызды міндет екенін үнемі айтып келеді. Бұл ретте бочча айрықша мәнге ие. Себебі бұл – тәртіп қалыптастырып, стратегиялық ойлауды дамы­татын және мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың ортаға бейім­делуіне ықпал ететін спорт түрі. Сіздер боччадан Қазақстан кубогі жолындағы жарысқа қатысу арқылы қоғамда ма­ңыз­ды құндылықтарды насихаттайсыздар. Сондай-ақ сіз­дердің табандылықтарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыз за­мандастарыңызды ынталандыратыны анық», деді Бочча федерациясының президенті.

Айта кетейік, жарыс 9-14 қараша күндері өтеді. Онда 11-14 жас аралығындағы жас­өспірімдер мен 15 жастан асқан ересектер жеке, жұптық және командалық сайыстар бойынша бақ сынайды. Жарыс жолында еліміздің 15 өңірінен: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарынан келген 120 параспортшы өзара мықтыны анық­тайды.

Ел кубогі жолындағы бай­рақты бәсекені Мүмкіндігі шек­теулі спортшыларды спорт­тық даярлау орталығының, Аста­на қаласының дене шынық­тыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің қолдауымен Қазақстан бочча федерациясы ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Боччадан ел кубогі сарапқа салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар