Оқиға
1 мин оқу 120

«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды

<p style="text-align: justify;"><strong>14 желтоқсаннан бастап &laquo;Тальго&raquo; пойызының бағыты кеңейеді. Бұған дейін Астана &ndash; Жезқазған арасында қатынаған заманауи құрам енді Қызылордаға дейін жүретін болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның хабарлауынша, бағытқа жоғары деңгейлі жайлылыққа ие «Тальго» құрамдары шығарылмақ. Билеттердің бағасы мынадай: 7876 теңге – отыратын орын, 28 437 теңге – купе, 30 236 теңге – люкс. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы орындар қарастырылған, оларға 50 пайызға дейін жеңілдік ұсынылады.

«Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар дәл осы күні Алматы – Ташкент бағытында  жаңа «Тальго» пойызы жолға шығады. Ол күн сайын қатынайды.

Бөлісу:
«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар