Президент
1 мин оқу 80

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады

<p style="text-align: justify;"><strong>Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.</strong></p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады

– Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады. 

Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие. 

Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Бөлісу: