Көрме
1 мин оқу 20

Іргелі ұйым шежіресі

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Президенттік орталықта Бірік&shy;кен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған &laquo;БҰҰ &ndash; 80: шынайылық&raquo; атты фото&shy;көрме ашылды. Іс-шараның ашылуына мемле&shy;кеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкіл&shy;дері қатысты.</p>

Іргелі ұйым шежіресі

Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Темірболат  бүгінгі көрме қонақтарға БҰҰ ішкі  жағынан көруге мүмкіндік сыйлағанын айтты.

«Мұнда күнделікті отырыстар мен миссиялар ерек­ше көріністер мен эмоцияларға толы адам тағ­дыр­ларының тарихына айналады. Еліміз тәуел­сіздік алған­нан кейін 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлт­тар Ұйымының мүшесі атанып, көпжақты ынты­мақ­тастық, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту қағи­дат­тарын дәйекті түрде іске асырып келеді», деді ол. Ал Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Са­ранго Раднарагча бұл ­жай ғана көрме емес, ұйым­ның шынайы болмысын ­көруге шақыру екенін жеткізді.

«Бұл суреттер бізге БҰҰ – бұл Нью-Йорк пен Женева­дағы ғимараттар ғана емес, әлемнің әр түк­пірінде бейбітшілік пен адамгершілікке қызмет етіп жүрген адамдар қауымдастығы екенін еске салады. Фотогра­фия секілді дипломатия да – назар мен сезімнің өнері», деді С.Раднарагча.

Бөлісу:
Іргелі ұйым шежіресі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар