Бүгін елімізде боран мен көктайғақ күтіледі
<p style="text-align: justify;" data-start="99" data-end="290"><strong>«Қазгидромет» мәліметінше, 17 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон ықпалы байқалады. Бұл көбіне ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болатынын білдіреді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>

Алайда елдің батысы, солтүстік-батысы және солтүстігі арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыста бұрқасын болжанады, бұл жол бойында қиындық тудыруы мүмкін.
Республика бойынша синоптиктер тұман туралы ескерту жасады. Тұман әсіресе, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және оңтүстік-шығыста ықтимал. Сондай-ақ аталған аумақтарда жел күшейіп, жоғары екпінмен соғуы мүмкін.
Қазақстанның ТЖМ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда сақ болуды, жылдамдықты және қашықтықты сақтауды, сондай-ақ сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруді ұсынады. Тұманы қалың және көктайғақ жиі болатын өңір тұрғындарына ұзақ сапарлардан бас тартуға және қосымша қауіпсіздік шараларын пайдалануға кеңес берілді.