Спорт
1 мин оқу 80

Фаина Мейрманова Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды

<p><strong>Бүгін Сурдлимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшылары ұзындыққа, биіктікке секіру және әртүрлі дистанцияға жүгіруден сынға түсіп жатыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Фаина Мейрманова Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды

Ұлттық құрамасының өкілі Фаина Мейрманова биіктікке секіруден 1,79 метр нәтиже көрсетіп, Сурдлимпиада ойындарының рекордын жаңартып, чемпионы атанды. Күміс жүлдені 1,76 м нәтижесімен бейтарап спортшы Суравец Анна иеленсе, қола жүлдені 1,67 м нәтижесімен словакиялық Глонарик Лейа еншіледі.

Фаина Мейрманова – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2024 жылы Тайбэйде (Тайвань) өткен әлем чемпионатында биіктікке секіруден 176 см нәтижесін көрсетіп, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рекорд орнатқан. 2024 жылғы Азия-Тынық мұхиты ойындарының ұзындыққа секіруден чемпионы атанды. Фаинаның жасы 19-да, ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Спортпен 7 жылға жуық айналысып келеді.

Еске салсақ, Сурдлимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде біздің дзюдошылар ел қоржынына 4 медаль (2 алтын және 2 қола) салған болатын.

Бөлісу:
Фаина Мейрманова Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар