Форум
1 мин оқу 20

Ауыл мектебіндегі халықаралық форум

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мен биылғы жылды &laquo;Жұмысшы мамандықтар жылы&raquo; деп жариялауының нәтижесінде өңір-өңірде ауқымды бастамалар қолға алынды. Осы орайда Алматы облысында білім беру жүйесін инновациялық және технологиялық бағытта дамыту мақсатында &laquo;Ғылым. Инновация. Болашақ. STEAM AI&raquo; атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік халықалық форум өтті. Іс-шара Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы №27 &laquo;Келешек мектебінде&raquo; ұйымдастырылып, еліміздің және шетелдің жетекші педагогтері мен ғалымдарын, инновациялық білім беру саласының мамандарын біріктірді.</p>

Ауыл мектебіндегі халықаралық форум

Форумның ашылуында Ал­маты облысы білім басқар­масы­ның басшысы Арай­лым Төлеубекова сала­дағы ин­новациялық тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатқанын атап өтті. Бүгінде әлемде жасанды интеллект саласында жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан мұндай құзыреттілікті ерте жастан қалыптас­тыру аса маңызды. Бұл форум ұстаздар­дың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, білім сапасын арттыруға, жас ұрпақтың шығармашылық әрі сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған»,  деді білім басқармасының басшысы.

Іс-шара барысында қатысушылар заманауи технологиялар, роботтехника, экологиялық жобалар мен дрондар жарысы сияқты бағыттарда тәжірибелік алаңдар мен шеберлік сабақтарында өз жобаларын таныстырды.

Тәжірибелік бағыттар қатарында «Археология: Тамыры тереңнің – бұтағы биік», «Мамандықтар алаңы: Болашаққа дұрыс таңдау», «Eco ART шеберханасы», «SmartTech: Роботтехника және Arduino», «Dragon Air Race: Дрондар жарысы» сынды  бағыттарды қамтыды.  Қа­тысушылар халықаралық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын,  шараның тәжірибелік маңызын ерекше атап өтті. Педагогтер Үміт Мұқан, Айнұр Жабаева, мектеп директоры Да­нияр Тайжанұлының айтуынша, форум тәжірибе алмасуға арналған бірегей ­алаң болып, оқушылардың функционал­дық сауаттылығын дамытуға, білім ­сапа­сын арттыруға зор үлес қосты.

Форум қорытындысында қатысушы­лар STEAM және жасанды интеллект бағытында білім берудің әдістемелік негіздерін жетілдіру мақсатында  ұсыныс­тарын да айтты.

Алматы облысы,

Талғар ауданы

Бөлісу:
Ауыл мектебіндегі халықаралық форум · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар