Инфляция
1 мин оқу 91

Қазан айында инфляция төмендеді: жылдық көрсеткіш 12,6%-ды құрады

<p style="text-align: left;"><strong>Ұлттық банктің мәліметінше, қазан айында Қазақстандағы жылдық инфляция тағы біршама бәсеңдеп, 12,6%-ды құрады. Қазан айында он өңірде баға өсімі баяулап, алты өңірде керісінше жеделдеп және тағы төртеуінде өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазан айында инфляция төмендеді: жылдық көрсеткіш 12,6%-ды құрады

Азық-түлік тауарларының жылдық қымбаттауы 13,5%-ға жеткен. Өткен айда – 12,7%. Ең қатты өсім Ұлытау облысында байқалған, мұнда азық-түлік бағасы бір жылда 16,7%-ға көтерілген. Ал, ең төменгі өсім Алматы қаласында тіркелді – 10,4%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы да жылдық мәнде 11,0%-ға өсті. Ақтөбе облысында аталған тауарлардың ең жоғары қымбаттауы байқалса (14,0%), Алматыда ең төмен мән тіркелді (8,5%).

Ақылы қызметтер нарығында керісінше баяулау байқалды: қазан айында қызметтердің жылдық өсім қарқыны 12,9%-ға дейін төмендеді. Кей өңірлерде, мәселен, Қызылорда облысында баға өсімі республикалық межеден төмен болды – 8,6%.

Жалпы қазанда республикалық деңгейде айлық инфляция  0,5%-ды құрады.

Бөлісу:
Қазан айында инфляция төмендеді: жылдық көрсеткіш 12,6%-ды құрады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар