Жемқорлық
1 мин оқу 30

Қызылордада «Қазсушар» қызметкерлері қамауға алынды

<p style="text-align: justify;"><strong>Облыс прокурорлары Көкарал бөгетін нығайтуға қажетті 13 мың тонна&nbsp;қиыршық тас жеткізілмегенін анықтады. &laquo;Қазсушар&raquo; РМК облыстық филиалын тексеру барысында қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылғаны белгілі болды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қызылордада «Қазсушар» қызметкерлері қамауға алынды

Осындай заңсыз әрекет салдарынан мемлекетке 188 млн теңгеден астам шығын келген. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Сот санкциясымен «Қазсушар» РМК филиалының бес лауазымды қызметкері мен бас мердігер қамауға алынды.

Облыстың арнайы прокурорлары тергеген іс қазір сотқа жіберілді.

Бөлісу: