Диқандар биыл да рекордтық межені бағындырмақ
<p style="text-align: justify;"><strong>Солтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл да рекордтық астық жинағалы отыр. Кейбір шаруашылықтар гектарынан 60 центнерден өнім алып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бұл туралы өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келіп, аграрийлермен өткізген кеңесте айтылды. Орақ науқаны толығымен аяқталуға санаулы күндер қалды.
Сонымен бірге, кеңесте өткен 8 айдың қорытындысына қарағанда Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдері 255,7 млрд теңгеге жетіп, жалпы өнім индексі 109,3 пайызға орындалғаны белгілі болды.
– Соңғы жылдары егістік алаңын әртараптандыру ұлғайып келеді. Биыл майлы дақылдар 1 миллион гектарға отырғызылды, орақ қорытындысында одан 1 млн тонна өнім алатын шығармыз деген үмітіміз бар, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Солтүстік Қазақстан облысы