Оқиға
1 мин оқу 30

Қызылордада бір күнде 3 мал ұрлығы дерегі тіркелді

<p style="text-align: left;"><strong>Қызылорда облысы аумағында &laquo;Мал ұрысы&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдаушы автокөліктерді, одан бөлек мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр.</strong></p>

Қызылордада бір күнде 3 мал ұрлығы дерегі тіркелді

Мал ұрлығының алдын алуға бағытталған іс-шараның алғашқы күнінде мал ұрлығының 3 дерегі ашылды.

Сонымен қатар малды заңсыз тасымалдаудың 2, белгіленбеген орындарда жаюдың 9 дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар ресімделді.

Қазалы ауданының полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, сиырының жайылымнан жоғалғандығы туралы арызданған.

Полицейлер жүргізген жедел шара барысында күдікті ұсталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қызылордада бір күнде 3 мал ұрлығы дерегі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар