Қазақстандағы ең үлкен стадион қашан ашылады?
<p><strong>Ақтөбеде 35 мың орындық стадион салынады. Құрылысы екі жылда аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақтөбе қаласында жаңа футбол стадионын салу жоспары туралы айтты.
– Стадионға қатысты, бастапқыда құжаттама бойынша сұрақтар туындады, себебі УЕФА талаптарын орындау оңай емес, бұл үлкен қаржыны қажет етеді. Орын саны бойынша біз еурокубок матчтарын ескердік: ойындар кезінде қосымша арқылы 160 мыңнан астам билетке сұраныс болды, ал ішкі чемпионат ойындарына сұраныс 50-55 мың билетке дейін жетеді. Сондықтан біз 35 мың көрерменге арналған стадион салуға шешім қабылдадық. Бұған дейін айтқанымдай, мамандардың қорытындысы бойынша құрылысты екі жыл ішінде аяқтауға мүмкіндік бар, – деді Шахаров.
Қазіргі таңда Қазақстандағы ең үлкен стадион – «Астана Арена» (30 мың орын). Құрылыс аяқталғаннан кейін Ақтөбедегі жаңа стадион елдегі ең сыйымды аренаға айналады. Ал “Ақтөбе” клубының қазіргі стадионы Қобыланды батыр атындағы арена 12 мың жанкүйерге арналған.