Теннис
1 мин оқу 80
Теннисші Заңғар Нұрланұлы алғашқы табысына қол жеткізді
<p style="text-align: left;"><strong>17 жастағы дарынды қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлының жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы бірқатар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсеткенін жанкүйерлер жақсы біледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Міне, енді қандасымыз ересектер арасындағы жарыстардағы алғашқы қадамын бастады. Күні кеше ғана Мысыр елінде тұсауы кесілген ITF санатындағы турнирдің алғашқы айналымында ол Беларусь елінің өкілі Руслан Кацукевичті 7:5, 6:3 есебімен қапы қалдырды.
Сөйтіп, биыл US Open додасында жартылай финалға дейін жеткен Нұрланұлы АТР-дегі алғашқы рейтингтік ұпайын еншіледі.
Бөлісу: