Қоғам
1 мин оқу 80
«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Астанада алаяққа үкім шықты
<p style="text-align: left;"><strong>Астанада 16 азаматты жеңілдетілген несие алып беремін деп алдаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>
Қала тұрғындарына ол өзін ұлттық компанияның қызметкері ретінде таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, 1 ай ішінде алаяққа азаматтар ақша аударған, шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам.
«Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді», делінген хабарламада.
Бөлісу: