Экономика
1 мин оқу 171
2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға өседі
<p style="text-align: left;"><strong>Бүгін Сенатта өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин зейнетақыны 10%-ға арттыру шешімі елдің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделгенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Біз орташа инфляция деңгейін 9-10% шамасында болады деп болжадық. Сондықтан индексация 10% көлемінде қалады. Бұл қазіргі бюджет мүмкіндіктеріне байланысты», деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар вице-премьер алдағы уақытта оны арттыру қарастырылмайтынын атап өтті.
Бөлісу: