Аймақтар
1 мин оқу 41

Өрт сөндіру бөлімі ашылды

<p>Қаражал қаласында №3 өрт сөндіру бөлімі ашылып, салтанатты жиынға Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысты.</p>

Өрт сөндіру бөлімі ашылды

Жаңадан ашылған бөлім заманауи өрт сөндіру техникаларымен толық жабдықталған. Ғимаратта қызметкерлердің жұмыс істеуіне, жедел әрекет етуіне қолайлы жағдай жасалған.

– Жаңа өрт сөндіру бөлімі – жоғары талаптарға сай заманауи база. Біз жүйемізді жетілдіруді, құтқарушыларға лайықты жағдай жасауды жалғастырамыз. Қалалар мен ауылдарға бірдей, тең жағдай қалыптастырып жатырмыз, сонда әрбір тұрғын уақытылы және кәсіби көмек алады,  – деді Төтенше жағдайлар министрі.

Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспеков азаматтардың аман­дығы мен тыныштығын сақтау бағытында атқарылып жатқан іс жалғасын табатынын айтты. Жыл соңына дейін облыстың Жезқазған, Сәтбаев қалаларында да жаңа нысандардың ашылуына куә боламыз деп жос­парлап отырғанын жеткізді.

Іс-шара барысында Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов министрліктің «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал ашылу рәсімінен кейін іс-шараға қатысушылар жаңа нысан ауласында шырша ағашын отырғызды.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Өрт сөндіру бөлімі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар