Байқау
1 мин оқу 50

Студенттік театрлар сайысы

<p style="text-align: left;">Абай облысының жас&shy;тар саясаты мәселе&shy;лері жөніндегі басқар&shy;масының &laquo;Жас&shy;тар&shy;ға арналған креа&shy;тив&shy;ті алаңдар ұйым&shy;дас&shy;тыру&raquo; жобасы аясында өткен театр фестиваліне Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы колледждер мен жоғары оқу орындары қатысып, шығармашылық әлеуе&shy;тін танытты.</p>

Студенттік театрлар сайысы

Театр ұжымдары қоғам мен жастарға қатысты өзекті мәсе­лелерді, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың себеп-салдарын көркем сахналық тілмен жеткізіп, көрерменге терең ой салды.  Салтанатты жиында басқарма басшысы Олжас Бейсенбаев Сәкен Сейфуллиннің «Театр – соқыр адам есту арқылы, құлағы естімейтін адам көзбен көру арқылы жүректен ұғынатын дүние болу керек» деген сөзін мысалға келтіріп, театрдың тәрбиелік мәніне тоқталды әрі жас­тардың шығармашылық бастамаларына қолдау көр­се­­тілетінін айтты.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлде – М.Әуезов атындағы педа­гогикалық колледждің «Ес Аймақ» студенттік театры, II орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» жас­тар театры, III орын – Әлихан Бөкейхан университетінің «Үркер» өнер орталығы иеленсе, арнайы аталымдар бойын­ша: «Үздік режиссура» – Ислам Әзизов, «Үздік ер адам бейнесі» – Ғизат Темірлан (Бизнес және сервис жоғары колледжі), «Үздік әйел адам бейнесі» – Анель Ақтаева (Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ) марапатталды.

Жүлделі орынға ие болған барлық жеңімпазға қар­жылай сыйлықтар мен сертификат табысталды.

Абай облысы 

Бөлісу: