Экономика
1 мин оқу 80
Президент Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, екіжақты саудаға жағдай жасағаны үшін алғыс айтты
<p><strong data-entity-type="MessageEntityBold">Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Онда қазақ басшысы екі ел арасындағы сауда жетістігіне тоқталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша. Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ілгеріде Мемлекет басшысының Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізгенін жазған болатынбыз.
Бөлісу: