Саясат
1 мин оқу 90

СІМ: Қазақстан АЭХА-ның Қиыр Шығыс өңірлік тобына қосылды

<p style="text-align: left;"><strong>Сыртқы істер министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Басқарушылар кеңесінің бүгінгі отырысында Қазақстанды Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылдау жөнінде жарияланған шешімді құптады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

СІМ: Қазақстан АЭХА-ның Қиыр Шығыс өңірлік тобына қосылды

Министрліктің мәліметінше, бұл қадам АЭХА Жарғысына және еліміздің бастамасымен 2023 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған GC(67)/RES/15 қарарына сәйкес агенттік шеңберінде мүше мемлекеттердің егемендік теңдігін қалпына келтірудегі маңызды кезең болып саналады.

– Бұл шешім Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, ядролық қарусыздану мен таратпау режимін қолдауға деген тұрақты ұстанымын тағы бір мәрте растайды, – делінген құжатта.

Министрлік мүше мемлекеттердің АЭХА-дағы егемендік теңдікті қалпына келтіру жолындағы күш-жігерін жоғары бағалап, Қиыр Шығыс тобына қатысушы елдерге көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін ризашылығын білдірген.

– Қазақстанның жаңа мәртебесі елімізге АЭХА басқарушы органдарының жұмысына толыққанды қатысуға мүмкіндік береді, – деп қосқан ведомство.

СІМ атап өткендей, Қазақстан жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем қалыптастыруға бағытталған халықаралық күш-жігердің белсенді қатысушысы ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық технологияларды жауапкершілікпен қолдану және ашықтық тетіктерін нығайту ісіне өз үлесін қосуды жалғастыруға дайын.

Бөлісу: