Денсаулық
1 мин оқу 70

Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті

<p><strong>Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Алғабас ауылындағы сұмдық өрт пен Астанада фельдшердің қаза болуына қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті

Ресми хатты ДДСҰ-ның Еуропалық бюросының жетекшісі Ханс Клюге жолдаған.

– Адамдарды құтқару міндетін атқару кезінде Астанада жас медицина қызметкерінің қаза болуына байланысты шынайы көңіл білдіремін.

Түркістан облысының Алғабас ауылында 9 баланы қоса алғанда, үлкен отбасының қаза болуына байланысты Қазақстанға аса қайғырып көңіл айтамыз. Балалардың өрттен қаза болуы – аса ауыр қайғы, жақындарының қандай қасірет шеккенін елестету мүмкін емес. Қажет болған жағдайда ДДҰ көмек көрсетуге дайын, – деп жазды ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға.

Бөлісу: