Елорда
1 мин оқу 40

Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды

<p><strong>22 қарашада &laquo;Тұран&raquo; қосалқы станциясында технологиялық ақау болғаны туралы &laquo;Астана &ndash; Аймақтық Электржелілік Компаниясы&raquo; АҚ хабарлады.</strong></p>

Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды

– 22 қараша күні сағат 01:06–да РП-217-ні қоректендіретін № 106 және № 210 ұяшықтары ажырап, қосалқы станцияда технологиялық ақау тіркелді. Оқиға орнына оперативтік-жедел бригадалар 01:09–да келіп, РП-217 жұмысының бұзылғанын растады, – делінген компания хабарламасында.

Компания мәліметінше, қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Авария салдарын жоюға оперативтік-жедел қызметтің үш бригадасы, сондай-ақ Есіл РЭС-інің, сынақ және диагностика қызметінің және кабельдік желілер қызметінің бригадалары жұмылдырылды, – деп атап өтті мекеме.

Ақау салдарынан бірнеше тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды. Атап айтқанда, «Зеленый квартал», «Аура», «Асыл Мұра», «Freedom», «GreenLine. Headliner Exclusive 1», «GreenLine Astra» және «GreenLine. Flora».

– Минималды тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін дизель-генераторлық қондырғылар қосылды, – делінген хабарламада.

Бөлісу: