Төтенше жағдай
1 мин оқу 30
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
<p><strong>Астанада бес қабатты үйдің құрылыс алаңында үш жұмысшы құлап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алдын ала мәліметке сүйенсек, оқиға биіктікте жұмыс істеуге арналған аспалы құрылғының үзіліп кетуінен болған.
«Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мүмкін деген белгімен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады департамент өкілдері.
Қазір мамандар апаттың себептерін анықтап, барлық мән-жайды тексеріп жатыр.
Бөлісу: