Спорт
1 мин оқу 30

Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі

<p style="text-align: left;"><strong>Қазақстандық &laquo;Барыс&raquo; командасы бүгін, яғни 23 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің &laquo;Авангард&raquo; (Омбы) командасына қарсы өткізеді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 77 мәрте шеберлік байқасты. Оның 26-сы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Авангард» 37 ұпаймен 7-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 27 қарашада Ресейде «Салават Юлаевпен» кездессе, одан кейін 29 қарашада «Металлург» (Магнитогорск), 1 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар