Медицина
1 мин оқу 20

Мәйіттік донор: Марқұмдардың ағзасы 6 адамға өмір сыйлады

<p><strong>Өткен аптада қайтыс болған екі қазақстандықтың туыстары мәйіттік донорлыққа келісім беріп, Астана мен Алматыда күрделі&nbsp;трансплантациялық ота жасалды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Мәйіттік донор: Марқұмдардың ағзасы 6 адамға өмір сыйлады

Астананың көпбейінді медициналық орталығында 1977 жылғы мәйіттік донордың бауыры – 1976 жылы туған науқасқа, оң және сол бүйрегі – 1987 және 1994 жылы туған ем алушыларға трансплантация жасалған.

Ағза ауыстыру отасын Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары жасаған.

Ал алматылық дәрігерлер ми өлімі тіркелген 50 жастағы марқұмның жүрегін – 34 жастағы науқасқа, оң бүйрегін – 15 жастағы ем, сол жақ бүйрегін – 30 жастағы әйелге трансплантация жасалған. Соңғы аталған ота А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында атқарылған. 

Сондай-ақ Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ем алушыларға екі мөлдірқабық орнатылған.

Бөлісу:
Мәйіттік донор: Марқұмдардың ағзасы 6 адамға өмір сыйлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар