Қоғам
1 мин оқу 40

Ел басшысы атынан марапаттады

<p style="text-align: left;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын марапаттады.</p>

Ел басшысы атынан марапаттады

Музыка өнеріндегі жарқын жетістіктері мен халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Silk Way Star жобасының жеңімпазы Мишель Джозеф (Моңғолия) ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қатысушы мен ұйымдастырушы Президенттің Алғыс хатына ие болды.

Ерлан Қарин жобаның басты ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадио кешеніне және Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорация­сына ризашылық білдірді.

Мемлекеттік кеңесші Silk Way Star музыкалық байқауы халықаралық жоба ғана емес, халықтар арасындағы шынайы достық пен нағыз шығарма­шылық алаңына айналғанын атап өтті.

Бөлісу:
Ел басшысы атынан марапаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар