Аймақтар
1 мин оқу 60
Ақтауда жаңа теңіз порты салынады
<p style="text-align: left;"><strong>Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында <em>ө</em>ңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Инвестициялық жобаның құны 300 миллион долларға бағаланған. Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, қазір жобаны жүзеге асыратын инвестор анықталып, келісімге қол қою үшін құжаттар әзірленіп жатыр.
«Жоба «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Жаңа теңіз порты іске қосылғанда жүктерді жеткізу мерзімі 7-15 күнге қысқарады. Көлік шығындары 18-25% төмендеп, жаңа жұмыс орындары құрылады», деді Маңғыстау облысының әкімі.
Бөлісу: