Алматы облысында әкесі қызын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
<p style="text-align: left;"><strong>Алматы облысында 15 жастағы қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Әлеуметтік желіде Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында ер адам өзінің 15 жастағы қызын пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тарады.
Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұсталғанын растады.
— Отбасы туыстарының бірі полицияға 15 жастағы студенттің мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына келген полицейлер алкогольдік масаң күйде болған күдіктіні ұстады. Сондай-ақ үйден қылмыс құралы тәркіленді, — деп хабарлады департаменттен.
Қазір тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіп жатыр. Іс Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.