Оқиға
1 мин оқу 70
Алматы маңында жер сілкінді
<p><strong>26 қараша күні таңғы 07:15-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Министрліктің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан. Жетісу облысының Сарыөзек ауылында жер сілкінісі шамамен 2 балл деңгейінде сезілген.
Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Бөлісу: