Оқиға
1 мин оқу 20

Ақтөбе облысында шекарадан өтпек болған 10 шетел азаматы ұсталды

<p style="text-align: left;"><strong>23 қарашада ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы &laquo;Жайсаң&raquo; автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонға байланысты әрекеттің алдын алды. Тексеру кезінде жүк көлігіндегі құрылыс материалдарының арасынан 10 шетелдік азаматты анықтаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбе облысында шекарадан өтпек болған 10 шетел азаматы ұсталды

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сай өзге мәліметтер жария етілмейді.

ҰҚК Шекара қызметі заңсыз көші-қон ұйымдастыру немесе оған қатысудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, азаматтарды шекарадан заңсыз өтуге бағытталған кез келген әрекеттен аулақ болуға шақырады.

Бөлісу: