Руханият
1 мин оқу 30

Құсбегілер бәсекесі

<p style="text-align: left;">Баянауылда әйгілі құсбегі Мәуия Әбікейұлының 125 жылдығына арналған республикалық құсбегілер сайысы өтті. Еліміздің әр өңірінен қыран құс пен тазы баптаған саятшылар қатысып, бабадан қалған өнердің биік рухын көрсетті.</p>

Құсбегілер бәсекесі

Мәуия Әбікейұлы – XX ға­сырдың алғашқы жартысында қазақтың кәсіби құсбегілік өнерін дамытып, кейінгі ұрпаққа мирас еткен бірегей тұлға. Бала кезінен қыран баптап, тазы жүгірткен ол 30-жылдардағы ашаршылық кезеңде аңшылық бригадалар құрамында елдің азық-түлік қорын толықтыруға үлес қосқан. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жылқы зауытында еңбек етіп, майданға ат дайындаған. 1957 жылы Мәуия Әбі­кейұлына «КСРО аңшылық кәсіптің үздігі» атағы бері­ліп, есімі ел жадында қалды. Құсбегі қария шағында әйгілі режиссер Шәкен Айманов­тың «Найзатастың етегінде» фильміне түскен.

Турнирдің ашылу салтанатында Баян­ауыл ауданы әкімінің орынбасары Еркін Арыстанбеков, Павлодар об­лыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Ахмет­жанов, сондай-ақ рес­публи­калық «Құсбегілік» феде­ра­циясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы мен Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің мемле­кеттік жаттық­тыру­шысы Базарбек Күн­туған сөз алып, ұлттық өнердің ұр­пақ жа­дында сақта­луының маңызын атап өтті.

Бүркіт, қаршыға, ител­гі, тазы жарысында қатысушылар шеберліктері сыналды. Бүркіт салудан бірінші орынды Жамбыл облысының қатысушысы Берік­болсын Бабажан иеленсе, аталған өңірдің тағы бір қатысушысы Серікболсын Жалғасұлы қар­шыға салудан топ жарды. Ал ителгіні құсқа салудан Ақмола облысынан ат терлетіп келген құсбегі Ерлан Кенжетаев ал­ғашқы орынды олжалады. Сондай-ақ арлан тазылар жарысында бірінші орын Майқайың кентінің құсбегісі Бауыржан Тілеубергеновтің Тұйғынына, қаншық тазылар жарысында Қарабай ауылынан қатысқан Секенай Шал­қарбаевтың «Көк­сиіне» бұйырды.

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Бөлісу:
Құсбегілер бәсекесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар