Спорт
1 мин оқу 60

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» есе жіберді

<p style="text-align: left;"><strong>Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында қазақстандық &laquo;Қайрат&raquo; сырт алаңда Данияның &laquo;Копенгаген&raquo; командасымен кездесті,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» есе жіберді

Алғашқы минуттан даниялық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Көбірек шабуыл жасап, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Виктор Дадасон 26-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде де алаң иелері шабуылға көбірек көңіл бөлді. Ойынның 59-минутында «Қайрат» қақпасына белгіленген пенальтиден Джордан Ларссон мүлт кеткен жоқ.

Ал 73-минутта «Копенгаген» сапынан Роберт басымдықты арттырды.

Ойынның 81-минутында алматылық клубтан Дастан Сәтпаев даниялық қақпашының қателігін пайдаланып, өзінің аталған турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты.

Ал 90-минутта «Қайраттың» тағы бір ойыншысы Олжас Байбек көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қазақстандық команда қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

«Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Ал «Копенгаген» командасы Германияның «Байерімен» 2:2 есебімен тең ойнап, одан кейін Әзербайжанның «Карабах» клубынан 0:2, Германияның «Боруссия Дортмундынан» 2:4, Англияның «Тотенхэм Хотспурынан» 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді.

Енді қазақстандық клуб одан кейін 9 желтоқсанда Астанада Грекияның «Олимпиакос», 2026 жылдың 20 қаңтарында Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды. 

Бөлісу:
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» есе жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар