Қоғам
2 мин оқу 30

Қаламгердің қомақты кітабы

<p style="text-align: left;">Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы &laquo;Сөз зергері&raquo; сыйлығының лауреаты, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі, журналист Ғалымжан Елшібайдың &laquo;Қаламға қонған құт&raquo; атты кітабы оқырманға жол тартты.</p>

Қаламгердің қомақты кітабы

Шымкенттегі «Қызғалдақ» сарайын­да өткен кітаптың тұсаукесер рәсімі бел­гілі ақын, «Алаш» сыйлығының лау­реа­ты Нармахан Бегалыұлының ақ батасы­мен ашылды. Салтанатты іс-шараға республикаға танымал мемлекет және қо­ғам­ қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер қатысты. Ал кітаптың тұсауын Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Түркістан облыс­тық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев,  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және жазушы Мархабат Байғұттың жұбайы Қыздаркүл Пернебайқызы кесті.

Осы салтанатты кеште Ғ.Елшібай Жур­налистер академиясының толық мүшесі (академик) атанды. Мәртебелі атақты Еуразия ұлттық университеті Жур­налистика мәселелерін зерттеу инсти­тутының директоры Қайрат Сақ пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сандыбай Аяған тапсырды. Сонымен бірге Түркістан облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарып жүрген қалам­гер Ғалымжан Елшібай Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Алқалы жиында Ұлттық ғылым ака­демиясының академигі, Ж.Тәшенов уни­верситеті директорлар кеңесінің төрағасы Оңалбай Аяшев, М.Әуезов атындағы Оң­түстік Қазақстан университеті Өз­бекстан филиалының ректоры­ Дария Пернешқы­зы, Түркістан облы­сы­ның құрметті аза­маты Созақбай Әбді­құлов сөз сөйлеп, кі­тап авторының шығармашылығына қатыс­ты ой-пікірлерін білдірді. Кешті белгілі ақын, ғалым, баспагер Темірғали Көпбаев жүргізді.

Жиын барысында Ғ.Елшібай жарық көрген алғашқы кітабының мазмұнымен та­ныстырды. Журналистика саласында отыз жылдан астам тер төккен қалам­гердің 50 жылдық мерейтойы аясын­да­ғы еңбегі екен. Жинаққа Ғалымжан Қамыт­бекұлының аудандық, облыстық, респуб­ли­калық басылымдарда әр жылдары жа­рияланған мақала, сұхбаттары еніп отыр. Онда тұғырлы тұлғалар туралы танымдық-зерттеу мақалалары, ұлттық құндылықтар, ата дәстүр, тіл, дін, саяси тақырыптағы сарап­тамалар, ұлт руха­нияты туралы публи­цистикалық шығар­малар, мөлтек сезім­де­рінің сырларын шерткен жырлары топ­тастырылды. Мә­селен, «Тұғырлы тұл­ға­лар» тарауы Тұрар Рысқұлов, Сұл­танбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Нұр­тас Оңда­сынов, Дінмұхамед Қонаев, Асан­бай Асқа­ров сынды қазақтың біртуар пер­зент­терінің өміріне қатысты зерттеулерге арналған.

Төлеби ауданы Қасқасу ауылының тумасы Ғалымжан Елшібай Қазақ ұлт­тық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Алғашқы ең­бек жолы аудандық «Төлеби туы» газетінде басталды. «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жемісті еңбек етті. Республикалық «Жас Алаш» газетінде осы өңірдің меншікті тілшісі болып ұзақ жылдай қызмет атқарды. Сондай-ақ қазақ руханиятының қарашаңырақ басылымдары «Ана тілі» мен «Қазақ әдебиеті» газеттерінде де қалам тербеді. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері бір кездері Қазақстан Журналистер одағы­ның Түркістан облыстық филиалын да  басқарды.

 

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Қаламгердің қомақты кітабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар