Қоғам
2 мин оқу 40

Объективте – ауыл тірлігі

<p>&laquo;Ауыл&raquo; партиясы республикалық &laquo;Ауыл нақыштары&raquo; фотобайқауының қорытындысын жариялады. Еліміздің дәстүрлерін сақтау мен насихаттау мақсатында өткен байқау ауыл өмірінің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан мәдени жоба болды. Осы орайда талай талапты бақ сынасқан дүбірлі додада &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінің фототілшісі Ерлан Омар жүлделі болғанын айта кетейік.</p>

Объективте – ауыл тірлігі

Марапаттау рәсімінде үздік жұмыстар көр­месінің ашылуы өтіп, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қол­дауымен шығарған «Ауыл нақыштары» атты көркем фотоальбомы таныстырылды.

«Ауыл нақыштары» байқауы тек қана еліміздің дәстүрін сақтау мен наси­хат­тауға арналған маңызды іс-шара ғана емес, сонымен қатар фотосурет өнерін ілгерілетуге арналған қуатты құрал. Жыл сайын байқауға қатысушылар саны артып, бізге ауылдық өмірдің сұлу­лығы мен ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді», дейді «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев.

в

«Ауыл пейзаждары», «Еңбек адамының фотопор­треті», «Фоторепортаж», «Ауылдағы бақытты бала­лық» атты аталымдарында өткен биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 678 қатысушы қатысқан. Жалпы, 3366 фотосурет ұсынылған. Сондай-ақ «Көрер­мендер көзайымы» аталымында әлеуметтік желі қолданушылары ұна­ған фотосуретті таңдай алды. Telegram чатында ұсы­ныл­ған 10 үміткерден дауыс беру ар­қылы жеңімпаз анық­тал­ды.

у

Байқау жеңімпаздары сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен мара­пат­та­лып, жалпы жүл­де қоры 3 900 000 тең­гені құра­ды.

Сонымен, фотобәйгенің қорытынды шешімімен, бас жүлде – Максат Шағырбаев (Шымкент), «Ауыл пейзаждары» аталымында 1-орын – Досжан Балабекұлы (Алматы) 2-орын – Мейірбек Тажкуранов (Батыс Қазақ­­стан облысы) 3-орын – Ерлан  Омаров (Астана), «Еңбек адамының фотопортреті» аталымында 1-орын – Ержан Нұрпеисов (Атырау облысы), 2-орын – Тлеубек Шаяхмет (Шығыс Қазақстан облысы), 3-орын – Қайсар Шерімов (Шымкент), «Фоторепортаж» аталымында 1-орын – Мейірбек Тажкуранов (Батыс Қазақстан облысы), 2-орын – Ерлан Омаров (Астана), 3-орын – Азамат Хусаинов (Алматы), «Ауылдағы бақытты балалық» аталымында Мират Қоржынбаев (Батыс Қазақстан облысы), «Көрермендер көзайымы» аталымында Маркс Қалқаманов (Атырау облысы) жүлделі болды.

ы

Бөлісу:
Объективте – ауыл тірлігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар