Қарағандыда жүрекке инновациялық ота жасала бастады
<p><strong>Қарағандының №2 көпсалалы ауруханасында жүрекішілік ультрадыбыстық датчик қолдану бойынша шеберлік сабағы өтті. Бұған дейін мұндай оталар кезінде дәрігерлер рентген-навигацияны қолдануға мәжбүр болатын, соның салдарынан мамандар да, емделушілер де айтарлықтай сәулеленуге шалдығатын, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>
Бұл жоғары технологиялық әдіс бойынша шеберлік сабақты Новосібірден арнайы келген, аритмияны катетерлік әдіспен емдеу және Zero-fluoro технологиясы бойынша сарапшы Илья Стенин өткізді.
Заманауи ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізіледі. Кезек күту мерзімі бір-екі айды құрайды. Мамандардың айтуынша, Қарағандыда халықтың 2-3 пайызы жүрекшелер фибрилляциясынан туындаған аритмиямен ауырады, ал жаңа технология олардың көбіне жүрек саулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы