Отбасы
1 мин оқу 330

Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды

<p style="text-align: left;"><strong>Атырау облысында 10 айда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 4 720 дерек тіркелді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зәбір көргендерге 3 830 қорғау нұсқау шығарылған. Ал мінезі шәлкес 986 адамға ерекше талап белгіленген.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық – жеке іс емес. Бұл қоғамды алаңдататын мәселеге айналды. Атырауда жыл басынан бері 4 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан көз жұмды. Отбасындағы зәбір көргендерге арналған дағдарыс орталығына 57 адам, оның ішінде 14 әйел мен 47 бала орналастырылды. Бұл орталықты бір ана кәмелет жасына толмаған 5 баласымен бірге паналап отыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу: